Биыл маусым айында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 125 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің ішінде: парақорлық – 97; алаяқтық – 9; лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану – 8; жымқыру – 7; қызметтік жалғандық – 3; билікті асыра пайдалану – 1. Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікке ілінді.
Сондай-ақ 149 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 4,7 млрд теңгені құрады. Оның 2,1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды, деп хабарлады комитет.
