Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қарудың заңсыз айналымын тоқтату мақсатында 12 өңірде өткізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижелерін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шараларға полиция органдары да қатысты, ал прокурорлар үйлестіру жұмыстарына жауапты болды.
Ресми хабарламада: "Барлығы 56 қару-жарақ, соның ішінде 4 автомат, 34 мылтық, 18 тапанша, 13 граната және 314 оқ-дәрі тәркіленді", - делінген.
Қазіргі уақытта әрбір факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
