Binance криптовалюта биржасы Еуропалық Одаққа деген міндеттемесін сақтай отырып, Азияда көбірек лицензия алуға ұмтылуда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның бұл қадамы криптовалюта нарығындағы реттеушілік талаптарға бейімделу стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Binance ЕО-дағы операцияларын жалғастыруға ниетті, сонымен қатар Азия аймағында өз қатысуын кеңейту үшін жаңа лицензиялар алуға тырысады.