Қазақстанда мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы 2026 жылдың 7 тамыз күні сағат 15.00-де жарияланады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, нәтижелер ресми ақпарат көздерінде жарияланады. Биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданған.

Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарын таңдады.

Қабылдау науқанының қорытындысы бойынша болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар мен педагогтер даярлайтын білім беру бағдарламалары арасында бір гранттық орынға бәсекелестік ең жоғары болады деп болжанып отыр.