Қазақстан Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын еске салды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабына сәйкес, алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынады.
Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылық үшін 1613 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ІІМ бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын хабарлады.
