Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын ескертті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық бұзушылық профилактикасы заңының 75-бабы, 3-тармағында нақты норма бар. Оған сәйкес, адамды көзбен тануға кедергі келтіретіндей бетті жабатын киімдерді кию құқық бұзушылық болып саналады.

Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабы жазаны белгілейді: алғашқы құқық бұзушылық үшін ескерту; бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл.

"Тыйым тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын және бет-жүзді жасыратын кез келген киім түріне қатысты қолданылатынын атап өтеміз", - дейді полицейлер.

Айта кетері, бұл шектеу ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де киюге рұқсат бар.