Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы Тілендиев көшесіндегі екі қабатты мейрамхана ғимаратындағы өрт толық сөндірілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның нақтыланған мәліметтері бойынша, өрт ауданы 460 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен оттың жылдам таралуына байланысты қиындады.

«ТЖМ қызметкерлері өртті оқшаулау және жою бойынша қажетті шараларды қабылдады», — деп хабарлады ведомство.

Өртті сөндіруге ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері мен 20 бірлік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жұмыс істеді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін ТЖМ алғашқы өрт сөндіру есептеулері келген кезде от мейрамхана ғимаратын толығымен шарпығанын хабарлаған. Өртке жоғарылатылған қауіп дәрежесі берілді.

Құтқарушылар келген кезде ғимарат ішінде келушілер болған жоқ.

Өртті сөндіру кезінде ТЖМ қызметкерлері мейрамханадан көлемі 50 және 27 литр болатын екі газ баллонын, сондай-ақ көлемі 50 литр оттегі баллонын алып шықты.

Оттың көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді.