Берік Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалды, деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Берік Асылов туралы не белгілі
Берік Асылов 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Қазақстанның бірқатар өңірінде прокуратура органдарын басқарды. 2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылдың 3 наурызында Қазақстанның бас прокуроры болды. 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін осы лауазымға қайта тағайындалып отыр.
