Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

««Асқар тауымыз едің – аласармадың… Аспанға кеттің… Мәдиіңді ойлап мұң байладың… Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың… Қатарыңнан жалғыз едің – соңдарынан кеттің… Қатарымнан жалғызбын – арттарында қалдым…. Ағалық жасап арқамнан қақпадың – әлжуаздықтан сақтадың…Көкем болып, көңілімді өсірмедің — кішілігім кем боп жақпадым… Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің – өз күшіме сендірдің… Сүйеніш болмадың – жансірілікке үйреттің… Тірегім болмадың – табаным таймастай тағаладың… Белімді бумадың – бекемдікке баулыдың… Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың… Соңыңда қалдырмадың – ізіңде жүргенімді сездің… Қатарымды тептің… Тізеңді батырдың – Мен кештім… Биіктігіңе пара-пар, Пенделігіңді көрдім – Өзің де кеш… Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым… Сары уайым – Сағынышқа айналдың… Қош… Бақұл бол…», – деп жазды Т. Жаманқұлов.»