Бельгия әуе қорғанысын жаңғырту мақсатында NASAMS және Skyranger жүйелеріне 3,1 миллиард еуро жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бельгиялық шенеуніктің мәліметінше, бұл қаражат заманауи әуе қорғаныс жүйелерін сатып алуға және елдің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталады. Жоспар бойынша, NASAMS және Skyranger жүйелері Бельгияның әуе кеңістігін қорғауда маңызды рөл атқарады.
