11-14 қазан күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгия королі Филипп пен патшайымы Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп және патшайым Матильда "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.