Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген король Филипп пен патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін король мен патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.

Бұл сапар Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған.