Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Алматыдағы Ядролық физика институтына барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оларға медициналық диагностикаға, соның ішінде қатерлі ісікті анықтауға қажетті радиоизотоптарды өндіруге арналған бөлшектер үдеткіші — Бельгияда жасалған циклотрон көрсетілді.

«Қонақтар институттың ғылыми-өндірістік инфрақұрылымымен танысып, жаңа Cyclone-18/9 циклотрон кешені мен WWR-K зерттеу реакторын аралады», — делінген хабарламада.

Агенттік серіктестіктің маңызды нәтижесі ретінде 2014 жылы бельгиялық IBA компаниясының Cyclone-30 циклотронын жеткізуін атап өтті.