Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығымен оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Елнұр Бейсенбаев бұл қызметте Айбек Смадияровты алмастырды. Бұған дейін Ішкі саясат бөлімін басқарған Смадияров жақында Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалған болатын.

Елнұр Бейсенбаев осыған дейін VIII сайланымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты қызметін атқарды. Ол палатаға «Amanat» партиясының атынан келген еді.

Фото: Әлеуметтік желіден