Қазақстанда ЛГБТ-пропаганданы шектеуге бағытталған заң жобасына байланысты қоғамда пікірталас күшейді. Бүгін әлеуметтік желіде белсенді азамат Бағила Балтабаева атынан жарияланған үндеу кең тарап, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа бағытталды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат порталы.

Үндеуде автор мен оны қолдаушылар ЛГБТ-активистер тарапынан заң жобасына қарсы жасалып жатқан ақпараттық қысым күшейгенін алға тартады. Олар балаларды қорғауға бағытталған шектеулерді «қудалау» немесе «кемсіту» ретінде көрсету — манипуляция екенін атап өтті.

Бағила Балтабаева қоғам назарына:

  • 01ЛГБТ-идеологиясын қалыпты құбылыс ретінде таныту әрекеттері,
  • 02Балалардың санасына мақсатты түрде ықпал ету,
  • 03Эмоциялық және ақпараттық қысым жасау тәсілдері күшейгенін жеткізді.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған түзетулер ешкімнің құқықтарын шектемейді, керісінше, мемлекеттің басты міндеті — балаларды зиянды идеологиялық ықпалдан қорғау.

Петиция авторы Сенат төрағасынан:

  • 01ЛГБТ-пропаганданы шектеуге бағытталған нормаларды қолдауды,
  • 02Ақпараттық қысым мен арандатушылыққа берілмеуді,
  • 03Ұлттық және отбасылық құндылықтарды қорғау бағытында табанды ұстаным сақтауды сұрайды.

««Қазақстан бөгде идеологиялық тәжірибелер сынақ алаңына айналмауы тиіс. Жасөспірімдерді қорғау – баршамыздың ортақ борышымыз», — делінген үндеуде.»

«Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Bagilya Baltabayeva (@bagiaizere)»