Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Таалатбек Масадыков Беларусьтің батыс елдерімен шекарасындағы жағдайды сенімді түрде бақылап отырғанын және ұйым өкілдерімен тығыз жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Масадыков РИА Новостиге берген сұхбатында осы жылдың маусым айында Беларусь-Польша және Беларусь-Литва шекараларының учаскелеріне барғанын еске алды. Ол сондай-ақ Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің төрағасымен жұмыс кездесуін өткізгенін айтты.
«Беларусь жағы жағдайды сенімді түрде бақылап отыр», — деді Бас хатшы. Масадыков ҰҚШҰ аймақта болып жатқан барлық іс-қимылдар туралы толыққанды ақпаратқа ие екенін, өз жұмысын соған сәйкес жоспарлайтынын және Ресей мен Беларусь тараптарымен тығыз жұмыс істейтінін түсіндірді.
РИА Новости бұған дейін Польшаның 13 және 14 шілдеде Ресей мен Беларусь шекараларына жақын жерде әскери оқу-жаттығулар өткізіп жатқанын хабарлаған болатын.
