Премьер-министр Олжас Бектенов жазғы уақытта қолайлы бағамен қосымша рейстер ұйымдастыруды тапсырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің бүгінгі отырысында туризмді дамыту мәселесі қаралды. Сол кезде премьер жазғы уақытта әуе және теміржол билеттерінің тапшылығы мен бағасының қолжетімділігі алаңдаушылық туғызатынын ерекше атап өтті.

"Көлік министрлігі әуе компанияларымен және "Қазақстан темір жолымен" бірлесіп, демалушылар үшін қолайлы бағамен танымал курорттық бағыттарға рейстердің және орындар санын арттыру шараларын қабылдасын", - деді Бектенов.

Халық тарапынан үкіметке танымал әрі шалғайдағы туристік бағыттарға көлікпен қатынаудың қиындығы туралы шағымдар да түсіп жатыр. Айта кетері, биылдан бастап мектеп оқушылары ұлттық парктерге тегін кіре алады.