Қазақстандағы ірі көлік құрылыстары уақытында және сапасын жоғалтпай аяқталуы тиіс. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Премьер-министр Олжас Бектенов бұл міндетті Көлік министрлігінің жаңа басшысы Асел Жанасованың алдына қойды. Ведомство ұжымына оны таныстыру кезінде премьер басымдықтарды атады: жол құрылысының сапасы, жол бойы инфрақұрылымын дамыту және 2027 жылы автомобиль өткізу пункттерін реконструкциялауды аяқтау.
«Келесі жылы көлік саласының барлық бағыттары бойынша ірі жобаларды тапсыру жоспарланған. Сапалы және уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Бектенов.
Ол 2027 жыл ауқымды құрылыс жылы деп жарияланғанын еске салып, Қазақстанның Еуразияның көлік-логистикалық хабы ретіндегі ұстанымын нығайтуды тапсырды.
Еске салайық, Жанасова президент жарлығымен вице-премьер — көлік министрі болып тағайындалды. Жаңа қызметте ол Нұрлан Сауранбаевтың орнын басты.
