Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев жылыту маусымын бастауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Себебі жылу көздері мен желілері 1 қазанға дейін дайын болмай қалды.

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышевтің айтуынша, бүгінде облыс жылыту маусымына толық дайын, жылу беру жұмыстары штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 1 қазаннан бастап Семейдегі әлеуметтік нысандар кезең-кезеңімен жылу жүйесіне қосылды. Қазіргі кезде көпқабатты тұрғын үйлерге де жылу беріліп жатыр.

"Семей қаласы бойынша 2 жылдық өтпелі 5 жоба бар. 1 жоба бойынша мердігер ұйым тарапынан олқылықтар болды. Яғни, құрылғылар уақытында жеткізілмеді. Бүгінгі күні құрылғылар толығымен орнатылды. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар қосылды. Екінші кезекте тұрғын үйлер қосылып жатыр. Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ екенін жеткізгіміз келеді", - дейді Бапышев.

Ол өңірдегі жылумен қамту мәселесі тұрақты бақылауда ұстап отыр.