Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» компаниясы басшысының жұмысын қатаң сынға алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкіметтің бүгінгі отырысында Бектенов энергетика министрінің өткен аптада Алматыға барып, екінші және үшінші жылу электр орталығын (ЖЭО) тексеріп келгенін еске салды.
«Үшінші ЖЭО бойынша жағдай мәз емес, жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жыл соңына дейін бітірмесеңіздер, сіздің жеке жауапкершілігіңіз қатаң қаралады. Мұндай жағдайды доғару керек», - деді Бектенов.
Айта кетері, Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-те ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Президент тапсырмасы бойынша нысандарды табиғи газға ауыстыру қажет.
