Премьер-министр Олжас Бектенов отандық тауарларды ақпараттық шабуылдан қорғауды тапсырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық тауарларды қолдау мәселесі қаралды. Премьер танымал тауарларды нарықтан ығыстыруды көздейтін әрекеттерге тоқталды.

«Қазақстанда өндірілетін танымал тауарларды, атап айтқанда, азық-түлік және кондитерлік өнімдерді қаралау үшін әдейі ұйымдастырылған ақпараттық науқандар орын алып жатыр. Мұның барлығының көздеген мақсаты бір – бәсекелестерді нарықтан ығыстырып, олардың орнын иемденіп қалу», - деді Бектенов.

Осыған байланысты мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендін негізсіз ақпараттық шабуылдардан қорғауға бағытталған бірыңғай ақпараттық науқанды жүргізуі тиіс.