Премьер-министр Олжас Бектенов заңсыз әкелінген көліктерге қарсы шара қолдануды тапсырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкіметтің бүгінгі отырысында Бектенов қолда бар деректерді жариялады. Оған сәйкес, Қазақстан аумағына көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркеліп жатыр.
"Мұндай көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл соның ішінде кедендік заңнама нормаларын құқықтық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарға да байланысты", - деді Бектенов.
Осы орайда премьер қаржы министрлігі мен өнеркәсіп министрлігіне 10 күннің ішінде автокөліктердің заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.
