Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада өтетін «Болашақ ойындары-2026» турниріне дайындық барысын тексерді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Болашақ ойындары-2026» (Games of the Future 2026) – дәстүрлі спорт пен цифрлық сайыстарды біріктіретін жаңа буынның фиджитал-турнирі. Ол 29 шілде күні басталады.
Жарыс Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасының 35 елінен мыңға жуық спортшының басын біріктіреді.
Шет мемлекеттердің басшылары, халықаралық спорт ұйымдарының басшылығы және цифрлық индустрияның ірі көшбасшы компаниялары салтанатты ашылу рәсіміне қатысатындарын растады.
