Алматы облысындағы Бекболат ауылының тұрғындары ауыз су сапасына шағымданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тау бөктерінде орналасқан ауылдың жағдайы жалпы тұрақты болғанымен, бірнеше жылдан бері ауыз су басты мәселеге айналған. Тұрғындардың айтуынша, құбырлар әбден тозған және жиі жарылып жатады. "Құбыр жарылғанда әкімдік судың өшірілетінін ескертіп айтады. Жауын жауған кезде лай су ағады", – дейді ауыл тұрғындары.
Дегенмен олар ауыл әкімінің жұмысына оң баға береді. "Бұрынғы әкімді көрмейтінбіз. Судың мәселесін шешуге тырысады, құбыр жарылса, сол жерде бірге жүреді. Тек соңғы жылдары су мәселесі ғана қиындық тудырып отыр", – дейді тұрғындар.
Ауыл тұрғындарының базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдап қайтты.
