Бейжіңдегі ең биік ғимарат CITIC Tower-ға шағын ұшақ соғылып, қоқыстар жерге құлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Reuters агенттігіне куәгерлердің айтуынша, автомобиль көлеміндегі ұшақ жұма күні CITIC Tower, сондай-ақ China Zun деп аталатын ғимаратқа соғылған.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видео кадрларында ғимараттың жанында шағын ұшақтың жатқаны көрінеді. Сондай-ақ өрт сөндірушілер мұнарадағы өртті сөндіріп жатқаны байқалады.
CITIC Tower — Бейжіңнің орталық бизнес ауданындағы 108 қабатты ғимарат. Бұл Қытайдың ірі мемлекеттік конгломераттарының бірі CITIC Group компаниясының штаб-пәтері.
Оқиға салдарынан құрбан болғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. Билік тарапынан оқиғаға қатысты ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.
