Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданында жасөспірім тізгіндеген Toyota полиция көлігіне соғылып, оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жол-көлік оқиғасы бейнекамераға анық түсіп қалған, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті 17 жастағы жасөспірім басқарған. Абырой болғанда, апаттан зардап шеккендер жоқ.
Полицейлер ата-анасының жауапкершілігін де қараусыз қалдырмады: баласының көлік жүргізуіне жол беріп, өз міндетін тиісінше орындамағаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.