Фото: stan.kz

Белгілі әнші Тамара Асар жұбайының бірінші некесінен туған ұлының қазасына байланысты жазба жариялады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/

Өнер иесі жүректен шыққан өлең жолдарын жазып, ауыр қазаға байланысты елден келген көңіл айту сөздеріне алғысын білдірді:

««Өндірдей болған өрен-ау, Бауырыма басқан «бөлегім». Құлағыңа сенің жетті ме, Қапыда шыққан өлең-ау?.. Жұртшылық келдің жиылып, Жұбатып жаттың қиылып. Жұмаштың парлап көз жасы, Жүрегіме толды-ау құйылып. Әлішер кеттің шалғайға, Сен қайда бүгін, мен қайда? Торқадай болып топырағың, Иманың жолдас болғай да. Дұғада күнде отырмын Талай да әлі оқырмын. Қаңқу сөз «өгей» десе де, Қайырын сұрап отырмын.»

—

Әнші көпшіліктің қолдауына ризашылығын жеткізді:

««Қиындықта қасымызда болып, алыстан-жақыннан көңіл айтып, қиындық бөліскен әрбір жанға бас иіп, рақметімізді айтамыз. Алланың ісіне шара жоқ, артының қайырын сұраймыз. Құдайдан үмітіміз бар. Жақсы күндер көп болсын. Жастар аман болсын! Дұғадамыз!»»

—

Тамара Асардың бұл жазбасы желі қолданушыларын толқытты. Көпшілік әншіге сабыр тіледі, марқұмға Алладан жарылқау сұрап, жылы пікірлер қалдыруда.