Соңғы бір жылда Батыс елдерінің Украина Қарулы күштеріне жеткізген дрондарының саны 6-8 есе артқан. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Родион Мирошник брифингте Батыс Киевке қару-жарақ жеткізу бағытындағы басымдықтарын өзгерткенін бірнеше рет мәлімдегенін айтты. Оның сөзінше, соңғы бір жылда украиналық әскери құрылымдарға жеткізілген дрондардың саны 6-8 есе өскен.
Мирошниктің айтуынша, дрон жеткізілімдерінің артуы ұрыс алаңындағы жағдайға емес, Ресейдің азаматтық нысандары мен бейбіт тұрғындарына жасалған шабуылдардың көбеюіне әсер еткен.
