Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданының үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды. Жаңа су құбыры Төлен, Сәуле және Қарақамыс ауылдарының 1,5 мыңнан астам тұрғынын, сондай-ақ 9 әлеуметтік нысанды ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыруға арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлінді. Жалпы Батыс Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыруға 17,7 млрд теңге бөлінген.

Бүгінгі таңда жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын 24 нысан пайдалануға берілді.