Батыс Қазақстандағы «Конденсат» мұнай өңдеу зауыты ресейлік мұнайды өңдейтін болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Энергетика министрі Ерлан Аккенженов үкіметтегі брифингте министрліктің Ресей Энергетика министрлігінен тиісті өтінім алғанын айтты. Ол ешқандай кедергі көрмейтінін, өйткені өндірілген бензин мен дизель отынының 30%-ы Қазақстанда қалатынын, ал қалған бөлігі Ресей Федерациясына жөнелтілетінін атап өтті.
Зауыт Қарашығанақ кен орнында орналасқан және оның қуаттылығы 850 000 тоннаны құрайды.
