Батыс Қазақстан облысының Круглоозерное ауылында екі адамды көлік қағып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 8 қыркүйекте сағат 23:00 шамасында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келген. Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жүргізуші анықталып, көлік табылды. Күдікті қамауға алынып, автокөлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
