Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында киікті заңсыз атқан тұрғын сотталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық соттың мәліметінше, заңсыз аңшылықпен айналысқан жергілікті тұрғын сот алдында жауап берген. Ол табиғатқа залал келтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, мемлекетке ірі көлемде өтемақы төлейтін болды.
«Сотталушы тиісті рұқсат қағаздарсыз мамыр айында жабайы аң-елікті даладан атып алған. Оның бұл заңсыз әрекетін дер кезінде „Охотзоопром“ РМҚК инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп анықтап, қылмыстық іс қозғалған. Сот талқылауының нәтижесінде кінәлі азаматқа қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — дейді сот.
Сонымен қатар мемлекеттік аңшылық қорғанысы мен экологияға келтірілген шығынды өтеу мақсатында сотталған мемлекет пайдасына 1 621 875 теңге көлемінде материалдық залалдың орнын толтыратын болады. Сот шешімі бойынша, оған шығынды өз еркімен төлеу үшін бір ай мерзім берілді.
Егер бекітілген мерзім ішінде материалдық залал қайтарылмаса, өндіріп алу шаралары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылатын болады.
