Батыс Қазақстан облысында тыйым салынған жерде шомылған үш жасөспірім суға батып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 9 маусым күні кешке болған. Жасөспірімдер Орал қаласынан 30 шақырым жердегі Шаған өзенінде шомылып жүрген. Олардың екеуі 2008 жылы туған, үшіншісі 2009 жылы туған.

Құтқарушылар екі жасөспірімнің денесін тапты, үшіншісін іздеу жалғасуда. Оқиға орнында 30 құтқарушы мен 10 техника жұмыс істеп жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды.