Бұл туралы «Мой город» порталы жазды.

Басылым мәліметінше, полиция қызметкері Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің ғимаратындағы бақылау-өткізу бекетінде абайсызда қызметтік қарудан өз-өзіне оқ атқан деген болжам бар.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, полицей аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

««Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», — деді полиция өкілдері.»