Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында құрғақ шөп өртенуі кезінде өрт сөндіруші қаза болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға "Татран" қыстау ауданында болған. Онда құрғақ шөп өртенген.
Өртті жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері жарақат алды. Ол Жәнібек ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, алған жарақаттарынан қайтыс болды.
"Өртті жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері жарақат алды. Жәнібек ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді, онда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан алған жарақаттарынан қайтыс болды", — дейді департаментте.
Оқиға фактісі бойынша тиісті тексеру жүріп жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілгенін, оның ішінде жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем берілгенін мәлімдеді.
