Батыс Қазақстан облысында балық шабақтары құтқарылды, деп хабарлайды Todayinfo.
««ҚР АШМ КРХ Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясы «Әліп» ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, БҚО Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылындағы Жайық өзенінің жайылма суларынан 7 млн 800 мың дана балық шабағын құтқарып, Ақжайық ауданындағы Солянка өзеніне тірі күйінде жіберді», – деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.»
—
Ведомство мәліметіне сәйкес, қазір балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.