Батыс көшбасшылары Украинамен бірге баллистикалық зымырандарға қарсы қорғаныс коалициясын құруға келісті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Коалицияның мақсаты — Украинаны баллистикалық зымыран шабуылдарынан қорғау. Келісімге қол жеткізген нақты елдер мен коалицияның құрамы әзірге ашылмады.
