Батыс Африкадағы әл-Қаидаға қатысты топ Мали армиясының позицияларына шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шабуылдар туралы мәліметтер әлі толық расталған жоқ, бірақ топ өз мәлімдемесінде бірнеше әскери нысанға шабуыл жасалғанын айтты. Мали үкіметі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
