Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастауыш сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүйесін алып тастау жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Министр бұған дейін БЖБ мен ТЖБ-дан біртіндеп алып тастау жоспарымен бөліскен болатын. Осы орайда диктант, мазмұндама және шығарманы қайта енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.
«Дәл қазір оқу-ағарту министрлігінде БЖБ мен ТЖБ-ны бастауыш сыныптарда алып тастауды талқыланып жатыр. Себебі 2016 жылы енгізілген стандарттар, сондай-ақ, критериалды бағалау өз мақсаттарын орындап отырған жоқ. Біз осыны анық көріп отырмыз», - деді Сүлейменова журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, бұл бастаманы ұстаздар мен ата-аналар қолдап отыр.
