2026 жылдың қаңтар айында Қазақстан банктері 198,6 млрд теңгеден астам таза пайда тапты, алайда бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға төмендеген, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың айтуынша, сектордағы жалпы пайданың басым бөлігі – 67 пайызы – небәрі үш ірі банкке тиесілі. Бұл тізімде Halyk Bank, Kaspi Bank және Банк ЦентрКредит (БЦК) көш бастап тұр.