Бангладеште қызылша індеті өршіп, бір айда 100-ден астам бала көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Елде аурудың таралуы күрт өскен. Мәселен, наурыз айының ортасынан бері 7500-ден астам адам жұқтырған. Салыстыру үшін айтсақ, былтыр жыл бойы небәрі 125 жағдай тіркелген еді.
Ауру жұқтырғандардың үштен бірі – жоспарлы екпе салынбайтын 9 айға дейінгі сәбилер.
«ЮНИСЕФ бұл дағдарысты 2020 жылдан бері пандемия мен саяси тұрақсыздыққа байланысты жаппай вакциналау науқандарының болмауымен байланыстырады.»
—
Сондай-ақ препараттар тапшылығы бұрынғы уақытша үкімет кезінде сатып алу жүйесіндегі қателіктерден туындағаны айтылады.
