Бангкоктағы жергілікті тұрғындар сауда орталығының алдындағы су басқан көшені уақытша қалқымалы базарға айналдырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тайланд астанасында үздіксіз қатты жауын-шашын кең көлемде су тасқынын тудырғаннан кейін Бангкок апатқа ұшыраған аймақ деп жарияланды.
Сатушылар балық пен көкөніс сияқты өнімдерді қалқымалы платформалар мен көбік қораптардан сату үшін суға белшесінен кіріп жүрді, ал сатып алушылар уақытша сауда нүктелерінің арасында жаяу немесе ескекпен жүзіп, азық-түліктерін сатып алды.
Бейнежазбаны көру үшін браузерде JavaScript қосу қажет. Бұл бейнені ойнату мүмкін емес.
