Тайланд астанасы Бангкок толығымен су тасқыны апат аймағы деп жарияланды, билік күндер бойы жиналған суды теңізге айдап шығаруға тырысуда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы екі күнде жауған қатты жаңбыр Бангкоктың су жүйелерін сарқып тастады, ал жексенбіде тағы жаңбыр жауады деп болжануда.

Тұрғындарға үйде қалуға шақыру жасалды, ал қаланың каналдар жүйесіне жақын тұратын адамдарға заттарын жоғарғы қабаттарға көшіруге кеңес берілді.

BBC-нің Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша тілшісі Джонатан Хед Бангкоктан хабарлайды.