Балтық жағалауы елдері Еуропалық Одақтан Ормуз бұғазы ашылғаннан кейін Ресейдің энергия тасымалдағыштарының импортына тыйым салуды жеделдетуді талап етті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Газеттің хабарлауынша, Ресейдің энергия тасымалдағыштарының импортын біртіндеп азайту бойынша Еуроодақ келіссөздері Ормуз бұғазы жабылғаннан кейін тоқтап қалды, себебі бұғаздың жабылуы жалпы әлемдегі энергетикалық дағдарысқа қатысты алаңдаушылық тудырды.

Газет дереккөздерінің мәліметінше, Брюссель Иранға қатысты қақтығысқа байланысты наурыз айында Еуропалық Комиссияның алдын ала күн тәртібінен бұл тақырыпты алып тастаған.

Енді Ормуз бұғазының ашылуына байланысты Еуроодақта керісінше үндеулер қайта айтыла бастады. "Балтық жағалауы елдері Брюссельден Ресей мұнайын импорттауға тыйым салудың кешіктірілген жоспарларын жүзеге асыруды жеделдетуді талап етті. Себебі Еуроодақтың Ирандағы соғыстан күрделі энергетикалық дағдарыс болуы мүмкін деген болжамы орындалмады... Жұма күні энергетика министрлерінің кездесуінде Эстония, Латвия және Литва Еуроодақты импортты кезең-кезеңімен тоқтату бойынша қадамдар ұсынуға шақырды", - делінген хабарламада.

Газет дереккөздерінің мәліметінше, Еуроодақтың энергетика жөніндегі комиссары Дан Йоргенсен жабық отырыста бұл мәлімдемелерге қатысты түсініктеме бермеді.

Газеттің мәліметінше, Ресейдің энергетикалық ресурстарына тыйым салу энергия бағасының жоғары болуына байланысты қиындық көріп отырған ұйымға мүше мемлекеттердің, сондай-ақ Венгрия мен Словакия сияқты ресейлік мұнайға қатты тәуелді елдердің қарсылығына тап болуы мүмкін.

Ресей бұған дейін Батыстың Ресейден көмірсутектерді сатып алудан бас тартуы арқылы үлкен қателік жібергенін мәлімдеген болатын.