Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

««30 мамырда Балқаш гарнизонында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер жараланды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер әскеридің жағдайын ауыр деп бағалап отыр», — делінген хабарламада.»

Бұл дерек бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды. Оқиға себептері мен мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің нұсқауымен гарнизонға арнайы комиссия жіберілді.

««Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге ​​жатпайды», — деп толықтырды ведомстводан.»