Balkhash Tour Fest – 2026 фестивалі Қазақстан рекордтар кітабының өкілі ресми түрде тіркеген кезекті гастрономиялық жетістігімен тарихта қалмақ. Балқаштық аспаздар салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алып қазыбургердің биіктігі – 39 сантиметр, ал диаметрі – 89 сантиметр. Оны дайындауға бірнеше өнім пайдаланылған: ет түрлерінен әзірленген қоспа – тауық еті, сиыр еті және қазы, сондай-ақ қызанақ, көк шөп пен арнайы соус пайдаланылған.
