Түркістан облысының Сайрам ауданында жаңа туған нәрестесін өлтірген бойжеткенге сот үкім шығарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық соттың мәліметінше, ол жүктілігін туыстарынан жасырып, ешбір медициналық мекемеге тіркеуге тұрмаған. 2025 жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданындағы өз үйінде толғатып, аман-есен босанған.
"Тұрғын үйдің әжетханасында босанып, баласын әжетхана шұңқырына тастап, баланың тірі қалуы үшін ешқандай әрекет жасамаған. Нәрестенің денесі көрініп қалмауы үшін тас-топырақ араласқан құмды жаңа туған нәрестенің үстіне тастаған", - дейді сот.
Сотта айыпталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.
