Фото: instagram.com/eldoskolobok

Жақында тоғыз жыл күткен ұлын құшағына алып, алғаш рет әке атанған Елдос Колобок Аман Тасығанға сұхбат беріп, қуанышымен құттықтамағандарға ренішін жеткізді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

««Сен әке болсаң менің атымнан машина, менің атымнан пәтер деген көке-жәкелер бар еді. Олар тіпті «құтты болсын» деп те жазған жоқ. Олар мені ешқашан әке болмайды деп ойлады-ау. Тым болмаса құттықтаса болады ғой деп іштей біртүрлі болып қаласың. Қайта күтпеген адамдар құттықтап, қоңырау соқты. Жолымыз екіге айырылып, араласпай кеткен дос-жарандар құттықтады», — дейді блогер.»