Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірдегі балабақшаларға тексеру жүргізіліп, мекемелерде әртүрлі салада 300-ден аса талап бұзылғандығы анықталған.

Ақпаратқа сүйенсек, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған.

«— Балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинады. Бұл ретте мекеме басшысы жұмыстан шығарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.»

Сонымен бірге 3 балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі 12 ұйымда ішек бактериялары табылды.

Бұған қоса, 19 мекемеде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмеген.

Кінәлілер жауапқа тартылды.