Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов несиелерді "қарыз түріндегі контрацепция" деп атап, бала туылғаннан кейін несие төлемдерін тоқтата тұру жөнінде ұсыныс жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұрат Әбенов Қазақстандағы туу көрсеткіші қарыз, жоғары жалдау ақысы және төмен жалақы салдарынан төмендеп келеді деп санайды.
Ол Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап, 2021 жылдан бастап Қазақстандағы туу көрсеткіші 25%-ға төмендегенін, 9,16 миллион қазақстандықтың несиесі бар, ал 1,5 миллион адамның шоттары бұғатталғанын айтты.
Сондықтан Мұрат Әбенов жас ата-аналар үшін пайызсыз несиелік демалыстарды енгізу және жеке сот орындаушыларының шоттарды бұғаттау тәжірибесін қайта қарауды ұсынды.
